Елімізде жалған 2 мың және 5 мың теңгеліктер қолданыста жүр.
Елімізде жалған 2 мың және 5 мың теңгеліктер қолданыста жүр

Қазақстанда жыл басынан бері құны 1 млн теңгенің жалған ақшасы тәркіленді. Қаржыгерлер құнды қағаздың жалған түрі көп қолданыста жүргенін айтып, дабыл қақты. 

Ұлттық банк алты айдың ішінде жалған ақша жасаудың 336 дерегі анықталғанын мәлімдеді. Оның ішінде 2 мың және 5 мыңдық купюра жиі кездеседі. Бұл туралы 24 kz хабарлады.

Сонымен бірге бір жылдың ішінде жалған құжат, мөр және марапаттарды жасау дерегі  артқан. Финпром сайты хабарлағандай, соңғы 12 айда бұл көрсеткіш 9%-ке өскен. Яғни жалған құжат пен мөр жасаудың 1 жарым мыңға жуық жағдайы тіркеліп отыр. Мұндай құжаттар мен марапаттарды көбіне Шымкент және Алматы өңірінде жиі жасайды. Жарты жылдың ішінде 94 құқық бұзушылық анықталған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.