15-05-20 | 20:54
“Елбасы медалі” алтын, күміс, қола болып шығады.
“Елбасы медалі” алтын, күміс, қола болып шығады

Қазақстанда “Елбасы медалінің” үш түрі балалар мен жастарға берілмек.

Өзгеріс енгізіліп, 14 мамырда күшіне енген үкімет қаулысында алтын, күміс және қола медаль болып үш түрге бөлінген марапатпен он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастар патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін наградталады.

Үкімет қаулысында «Елбасы медалі» ерекшелік белгісінің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры” деп көрсетілген.

Медаль «Спорт және физикалық даму», «Таланттар мен дағдылар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра», «Волонтерлік», «Туристік жорықтар», «Еңбек практикасы» сынды бағыттарда беріледі. 

Медальдің қола, күміс және алтын болып үшке бөлінеді.

Елбасы – экс-президент Н.Назарбаевқа берілген конституциялық мәртебе. Заң бойынша ол Елбасы – Тұңғыш президент мәртебесіне ие.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk