19-11-19 | 18:24
Елде «семіздік» дертіне шалдыққан балалар саны көбейіп келеді.
Елде «семіздік» дертіне шалдыққан балалар саны көбейіп келеді

Еліміздегі ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен Қазақстанда артық салмағы бар балалар саны көбейіп келе жатқанын мәлімдеді.

«Біздің зерттеуіміз тамақтануға қатысты мәселе аса маңызды екенін көрсетіп отыр. Әсіресе «семіздік» дертіне шалдыққан балалар саны көбейіп келеді. Мәселен, 9 жастағы оқушылардың 20%-ы, яғни, әр бесінші баланың артық салмағы бар. 9 жас – бұл адамның қалай тамақтанатынын көрсететін маңызды кезең»,– деді Артур ван Дизен.

ЮНИСЕФ өкілінің сөзінше, балалардың артық салмақ жинауының басты себебі дұрыс тамақтанбау, белсенді өмір салтын ұстанбау. Сондай-ақ зерттеу нәтижесінде тек әр үшінші бала күнделікті көкөністер мен жеміс-жидектер жейтіні анықталды. Ал мектеп жасындағы оқушылардың 49,7%-ының күн сайын құрамында қанты көп сусындар ішетіні белгілі болған.

Бұдан бөлек Артур ван Дизен елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың білімге қолжетімділігі төмен екенін айтты.

«Қазақстанға инклюзивті мемлекет атану үшін әлі біраз жұмыс істеу керек. Қазір осал топтағы балаларға толық жағдай жасалмағаны белгілі. Денсаулық сақтау, білім беру, тамақтау мәселелерінен бөлек климаттың өзгеруі, интернеттегі алауыздық сынды бір қатар қиындықтар бар. Осы бағытта инновациялар мен жаңа технологиялар санын арттырып, саяси жігер таныту арқылы ғана Балалар құқығы жөніндегі конфенцияны толық жүзеге асыруға болады»,– деді Артур ван Дизен.

Дереккөз: inbusiness.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.