06-02-20 | 12:16
Елде суицидтен қайтыс болғандар саны 7,4% өсті.
Елде суицидтен қайтыс болғандар саны 7,4% өсті

Қазақстанда 2019 жылы 3,8 мың суицид оқиғасы болған. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,4% көп деп мәлімдейді ranking сарапшылары.

2018 жылы 3,5 мың адам өз-өзіне қол салу нәтижесінде көз жұмған. Ол бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2,8%-ға аз.

3 мыңға жуық ер адам өз еркімен өмірден озған. Өткен жылмен салыстырсақ, 6,6% көп. Әйелдер суициды ерлерге қарағанда анағұрлым аз болғанымен (772 қайғылы жағдай), дәл биыл олардың саны күрт артып, 11,1% құраған.

Өз-өзіне қол салғандардың арасында тірі қалғандарын ескерсек, жалпы алғанда былтыр суицидке әрекеттенген 4,8 мың адам болған екен. Ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13% көбірек. 2018 жылы суицидке әрекеттенгендер саны 4,2 мың адам болса, олардың 2,8 мың ер, 1,9 мың әйелдер болған.

Жалпы суицид оқиғасының 180-і жасөспірімдер (ұлдар – 121, қыздар – 59).
Қайтыс болған ұлдар көп болғанымен қыз балалар өзіне қол жұмсауға көбірек әрекеттенетін көрінеді. Былтыр 270 қыз суицидке әрекеттенсе, ұлдардың 81-і осындай қадамға барған.

Өз-өзіне қол жұмсағандардың 73,6% сау болған(мас емес). 71,9% суицидке барған ер адам сау болған, ал әйелдердің 80%-дайы мұндай әрекетті саналы түрде жасаған.

Өз-өзіне қол салудың негізгі себептері: жалғыздық пен өзін керексіз сезіну (294 суицид), материалды  жағдайдың ауырлығы (205 суицид) және күрделі ауру (136 суицид). Бұдан бөлек, 177 жағдай өзара кикілжіңнің нәтижесінде туындаған (90) немес ерлі-зайыптылардың ажырасуы (87) және 100 оқиғада туыстарымен сөзге кеп қалған (оның ішінде 15 жағдай ата-анасымен). Ал 2,8 мың жағдайдың себебі анықталмаған, немес басқа себебі бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.