Елордалық дәрігерлер ревакцинацияның уақытын айтты.
Елордалық дәрігерлер ревакцинацияның уақытын айтты

Елордада COVID-19-ға қарсы ревакцинация қарашаның екінші жартысында басталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

№15 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Гүлнар Сыздықованың айтуынша,  бустерлік вакцина коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитетті күшейту үшін салынады. Оны бірінші кезекте ауруға бейім азаматтар алады.

«Бірінші кезекте КВИ-ден алғашқы болып екпе алғандар – медицина қызметкерлері, педагогтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері вакцинамен қайта егіледі. Әрине, бәрі ерікті негізде жасалады. Сондай-ақ ревакцинациядан бірінші кезекте созылмалы аурулары бар адамдар, қарт адамдар өткені абзал, өйткені олар тәуекел тобына кіреді», – дейді Сыздықова.

Айта кету керек, КВИ вакцинасының екі дозасын алғаннан бастап 6 айдан 9 айға дейінгі аралықта ревакцинация жасау қажет. Дәрігерлер кросс-вакцинацияны, басқаша айтқанда, вакцинаның басқа түрін егуді ұсынады.

«Спутник V» алғаннан кейін ревакцинацияны 9 айдан кейін жүргізу керек, өйткені бұл – векторлық, күшейтілген вакцина. Ал отандық «QazVac» пен қытайлық «Vero Cell» салынса, 6 айдан соң ревакцинация жасалады», – деп атап көрсетті дәрігер.

Мамандар вакцинация пандемиямен күресудің жалғыз әрі тиімді әдісі болып қала беретінін айтып жатыр. Вакцина ұжымдық иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді. Соның арқасында коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтуға мүмкіндік бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk