16-11-20 | 11:42
Ердоған Кипрдің екіге бөлінгенін қалайды.
Ердоған Кипрдің екіге бөлінгенін қалайды

Кипрдің екі мемлекетке бөлінгенін халықаралық қауымдастық ресми түрде мойындауы тиіс. Өз егемендігін жариялаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барған Түркия президенті Реджеп Ердоған осылай деп мәлімдеді.
“Бүгінде Кипрде екі халық тұрады, екі мемлекет бар. Сондықтан оған қатысты келіссөздер жүргізілуі қажет», – дейді түрік басшысы. Оның айтуынша, Жерорта теңізінің Шығысына қатысты кез-келген шешім Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүддесін ескеруі тиіс. «Онсыз бейбітшілік пен тұрақтылық болмайды», – деді Ердоған.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы өз егемендігін 1983 жылы жариялады. Аралдың солтүстігінде негізінен кипрлік түріктер тұрады. Кипрді Греция қосып алады деп қауіптенген түріктер мұнда өз әскерін кіргізіп қойған. Республиканың тәуелсіздігін әзірге Түркия ғана мойындады. Ал, БҰҰ Кипр Республикасы аралдың оңтүстігінде тұратын гректерге тиесілі деп санайды. Соңғы кездері Афина мен Анкара арасындағы жағдай шиеленісіп кеткен. Аралдың солтүстігін экономикалық аймағына айналдырған Түркия мұнда сейсмикалық бұрғылау жұмыстарын жүргізуде. Ал, Грецияның қарулы күштері соғысқа сақадай сай отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.