28-09-19 | 16:44
Ерлан Қарин: Ұлттық кеңестің отырысынан кейін не істелді?.
Ерлан Қарин: Ұлттық кеңестің отырысынан кейін не істелді?

Президенттің кеңесшісі, президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы Ерлан Қарин кеше кеңестің бір топ мүшелерімен кездесіп, алғашқы отырыстан соң қандай жұмыстар жасалып жатқанын баяндады. Сондай-ақ ол атқарылып жатқан жұмыс барысы жайлы әлеуметтік желі де жазба жариялады.

View this post on Instagram

Ұлттық кеңестің алғашқы отырысынан кейін қандай жұмыс атқарылуда? Қыркүйек айының басында өткен Ұлттық кеңестің алғашқы отырысынан кейін кеңес мүшелері тарапынан айтылған барлық ұсыныстар жинақталып, жүйеленді, содан соң ол ұсыныстарды қарау бойынша арнайы жоспар қабылданды. 77 пунктіден тұратын жоспар Президент әкімшілігінің жетекшісінің қолымен бекітілді. Бұл жоспарға сәйкес мемлекеттік органдар мен Президент әкімшілігінің құрылымдық бөлімдері қазан айының 20-ына дейін Кеңес мүшелері көтерген әр мәселе бойынша өздерінің сараптамасын беру қажет. Алдағы уақытта Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары өздерінің бағыттары бойынша  Ұлттық кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен мәжілістер өткізеді.  Бұл ұсыныстар жан-жақты пысықталғаннан кейін қазан айының аяғында немесе қараша айының басында аталған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша жоспар қабылданатын болады. Яғни, Ұлттық кеңестің ішінде қазір өте ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әрбір қадам бойынша Кеңес мүшелерімен кездесіп хабардар етіп отырмыз.

A post shared by Erlan Karin (@erlankarin2019) on

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.