Ермекбаев өзін отставкаға жіберуді сұрады.
Ермекбаев өзін отставкаға жіберуді сұрады

Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Азаттық тілшісіне Жамбылдағы әскери бөлімдегі жарылыстың алғашқы сәтінен-ақ өзін отставкаға жіберуді сұрағанын мәлімдеді.

«Менің қазіргі басты мақсатым – апаттың салдарын тез арада жою. Отставка мәселесі қызықтырса, мен осы оқиғадан кейін өзім үшін шешім қабылдадым. Отставкаға беремін, отставканы сұраймын. Қалғанын жоғары басшылық шешеді»,- деді Ермекбаев.

Айта кетейік, Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев министр болғалы бұл еліміздің әскери бөлімдегі екінші жарылыс. Жамбылдағы жағдайдан кейін  халық әлеуметтік желіде қорғаныс министрінің отставкаға кетуін талап етті.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылыстан 4 әскери қаза тауып, бірнеше адам хабар-ошарсыз кетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk