04-05-20 | 16:53
Есмағамбетова: Қазақтанда коронавирус жұқтыру 7% аспайды.
Есмағамбетова: Қазақтанда коронавирус жұқтыру 7% аспайды

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі 7%-дан аспайды. Бұл бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

Оның айтуынша, өткен екі апта ішінде еліміздегі жағдайдың тұрақтанғаны байқалған.

«Егер наурызда вирусты жұқтырған адамдарды тіркеу байланыста болған және сырттан әкелінген тұлғалар арасында болса, сәуір айында біз профилактикалық тестілеуге көштік. Сәуір айында тіркелген барлық адамдар ‒ 52% немесе 1 862 адам алдын алу тестілеуіне байланысты тіркелген.

Профилактикалық тестілеудің мақсаты ‒ жасырын ауру ошақтарын анықтау. Егер алдын алу тестілеуін өткізбесек, қарым-қатынас жасағандар мен ауырған адамдар саны бұдан көп болар еді», — деп атап өтті А. Есмағамбетова Facebook-те өткен онлайн-брифинг кезінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk