20-05-20 | 16:44
Есмағамбетова: Сатушылар арасынан коронавирус жұқтырғандар күнде шығады.
Есмағамбетова: Сатушылар арасынан коронавирус жұқтырғандар күнде шығады

Нұр-Сұлтан қаласындағы түрлі дүкендердегі сатушылар арасынан күнде коронавирус жұқтырғандар анықталады. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

“Өткен екі-үш күнде 358 нысан тексерілді. Оның ішінде 85 нысан талаптарды сақтамағаны анықталды. Азық-түлік сататын орындар және өзге де нысандар талаптарды сақтамай отыр. Сатушыларда маска, қолғап, қорғаныс заттары, антисептик жоқ. Нан өнімдерін сақтау талаптары орындалмаған. Сондай-ақ тіс емдеу, сән салондарында да талапты ескермей отыр. Нұр-Сұлтан қаласындағы түрлі дүкендердегі сатушылар арасынан күнде коронавирус жұқтырғандар анықталуда” деді Есмағамбетова.

19 мамырда 218 адам коронавирус жұқтырды. Өсім 3,2% болған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 6969, емделіп шыққандар – 3598, кайтыс болғандар – 35.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk