05-03-21 | 08:16
Еуропа Навальныйге үміт артып отырған жоқ.
Еуропа Навальныйге үміт артып отырған жоқ

Батыс Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді, алайда Алексей Навальныйге байланысты қабылданған шешімдерде қайшылықтар өте көп. Батыс пен Еуропаның логикасы мен мақсатын түсіну қиын. Ең алдымен Ресейді жазалау мәселесінде 2010 жылдан бері еуропалықтар мен америкалықтардың ойы осыншалықты үйлесім таппаған еді. Санкциялар Атлант мұхитының екі бетінде бірдей уақытта, бірдей мазмұнда жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бірнеше ай бұрын Алексей Навальныйдың өзі «әлемде аса көп саяхаттамайтын және Еуропада мүлкі мен банкте ақшасы көп емес қайдағы бір полковниктер мен генералдарға» қарсы санкциялар енгізудің мәні жоқ екенін айтқан болатын. Ол Еуроодақты «ресейлік олигархтардың ақшасын нысанаға алуға» шақырды.

Мойындау керек, ірі бизнесмендерге шектеу енгізу олардың өзі үшін де, ұлттық экономика үшін де расымен сезілмей қоймас еді. «Солтүстік батыс – 2» стратегиялық жобаларын жабу барысында туындаған кері әсерлер жайлы айтудың өзі артық. Алайда Батыс осы жолы да мүлде пайдасы жоқ әдістер арқылы әрекет етуді жөн көрді.

Америкалықтар мен еуропалықтардың өздері жанын салып қорғап жатқан ресейлік оппозиционерге деген көзқарастары да біршама сұрақ туындатып отыр.

Бір жағынан Батыс Навальныйды Кремльдің бас жауы әрі бас құрбаны етіп көрсетіп, оған түрлі құрмет пен сый көрсетті. ЕО адам құқықтарын бұзғаны үшін жаңа жаһандық санкциялар әзірледі. Ал Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты таңғаларлық шешім шығарып, блогерді босатуды талап етті.

Екінші жағынан АҚШ пен Еуропа блогердің жеке тұлғасына қатысты ешқандай үміт артып отырмағаны анық байқалады. Дәл сол Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты «Ив Роше» ісінің саяси астарын көре алмады.

Негізі жаңа санкциялар режимін Алексей Навальныйдың атымен атау бастапқыда Еуроодақтың ойында болды. Бірақ дәл уақытында еуропалықтардың бірінің ақылы кіріп, мұндай атау қою үлкен қателік болатынын түсінген секілді.

Сол себепті Батыс пен Еуропаның бұл қылығы бір жақтан екінші жаққа жүгіріп, Мәскеумен текетірес үшін ауқымды себеп таба алмай жүрген әрекетті елестетеді. Жалпы қазір Ресейдің Еуропа және АҚШ-пен қарым-қатынасы үлкен трансформацияны бастан өткізіп жатыр.

Өткен онжылдықтағы барлық оқиғалар Ресейді толық жаншып-басуға, экономикалық және геосаяси жағынан тізе бүктіруге бағытталды. Сонымен қатар бұл ісін сәтті жүзеге асыра алатынына еш күмәнданған жоқ. Ал Ресей болса ұжымдық қарсылықтарға төтеп бере алатынын бүкіл әлемге көрсетті. Дәл осы тұсқа келген бұл текетірестер де дағдарыс жағдайына жеткендей. Себебі санкциялар баяғыдай үлкен талқыға салынбайды және ол ресми сипатта қалып қойды. Алайда Еуропамен қарым-қатынас мейлінше жылдам қалпына келіп жатыр.

Соңғы екі жылдағы жағдайлар Еуропаның Ресейге деген көзқарасын түбегейлі өзгертіп, ол қауқары кетіп жатқан империя емес, күшіне жаңа еніп жатқан держава екеніне көз жеткізіп келеді. Сондықтан Еуропаны Ресеймен қорқытуға болатын секілді. Себебі Мәскеудің өзіне қарсы қабылданған әрекеттерге экономикалық, саяси, идеологиялық, медиялық тұрғыда тиісті жауап қатуы еуропалықтардың есін жиғызса керек. Ал Еуропа болса сенімділіктен айырылып, өзін-өзі қорғау әдісі ретінде қарым-қатынасты қайта ыдыратуға тырысып жатыр.

Шын мәнінде Батыс «қырғи қабақ соғыс» конфигурациясын қалпына келтіруге тырысып жатыр. Ол кезде қарсылас тараптар арасында (әсіресе Кеңес Одағы мен Батыс Еуропа мемлекеттері арасында) өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықтың бірнеше арнасы болған.

Расында да сол шақта шетелдік ықпалды болдырмау әрекеттері бұрынғы КСРО аумағында орындалып жатты. Ал енді батыс әлемі КСРО-ның осы сәтсіз әрекетін қайталамақшы. Ол үшін Алексей Навальныйдың атын жамылу сәтті болуы ықтимал. Бірақ Еуропа мен АҚШ-тың кеңестік «соқпақ жолмен» жүруге деген құлшынысы ақылға қонымсыз.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.