29-01-20 | 12:11
Гонконгта короновирусқа қарсы вакцина жасап шығарды.
Гонконгта короновирусқа қарсы вакцина жасап шығарды

Гонконгтың ғалымдар тобы Қытайда шыққан белгісіз короновирусқа қарсы вакцина жасап шығарды. Бұл туралы Қытайдың South China Morning Post газеті Гонконг универстетінің микробиологының сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Біз вакцина жасап қойдық, бірақ дәріні жануарларға сынамадан өткізу үшін ұзақ уақыт керек”, — дейді Гонконгтік профессор Юэн Квок-Юнг.

Профессордың сөзінше,жануарларға сынақ бірнеше айға созылуы мүмкін, ал адамдарға сырау үшін кемінде бір жыл уақыт керек.

Зерттеушілер коронавирустың беткі қабатындағы антигеннің бір бөлігін қосып, кәдімгі тұмауға қарсы вакцинаны модификациялаған. Осылайша жаңа вакцина тұмаудың пайда болуы мен пневмония тудыратын коронавирус ауруына кедергі келтіруі мүмкін.

Бұған дейін, Тунцзи Шанхай университеті жанындағы Дунфан госпиталі мен Stermina қытайлық биотехнологиялық компаниясы коронавирустың мРНК-вакцинасын жасау жобасын бекіткен. Сондай-ақ, Johnson&Johnson (J&J) американдық компаниясының бас ғылыми қызметкері Пол Стоффелс коронавирусқа қарсы вакцина белсенді әзірленуде және препарат алдағы айларда дайын болуы мүмкін деп мәлімдеген еді.

Желтоқсан айының соңында Қытай билігі Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) шыққан беймәлім пневмонияның өршуі туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырушысы адамнан адамға берілетін жаңа коронавирус түрі — 2019-nCoV екенін анықтады.

Соңғы мәліметтер бойынша, аталған вирустан қайтыс болғандар саны 106 адамға жетті. Қытайдан басқа тұмауға шалдыққандар Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Таиланд, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия, Камбоджа және Германия елдерінде тіркелген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.