05-12-19 | 13:37
Гульнара Каримованың түрмеде отыру мерзімі бесінші рет ұзартылды.
Гульнара Каримованың түрмеде отыру мерзімі бесінші рет ұзартылды

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гульнара Каримованык түрмеде отыру мерзімі бесінші рет ұзартылды. Бұл туралы Гульнара Каримованың қызы Иман Каримова instagramдағы парақшасында жазды.

Иман Каримова бұдан былай саяси астары бар Гульнара Каримованың ісіне қатысты деректерді жариялайтынын жазған. Оның айтуынша, Г.Каримованың ісі ешбір түсіндірмесіз “құпия іс” деп белгіленген. Сондай-ақ Г.Каримованың ісінің ашылуына қазіргі Өзбек билігіндегі кейбір адамдар мүдделі емес көрінеді. “Өйткені шындықтың ашылуынан олар қорқады” деп жазады И.Каримова.

Гульнара Каримоваға қарсы бірнеше жыл бұрын екі қылмыстық іс қозғалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.