Гүлшара Әбдіхалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.
Гүлшара Әбдіхалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Президент жарлығымен Гүлшара Әбдіхалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстанда облыс әкімі болып отырған тұңғыш әйел адам.

Ал осыған дейін Қызылорда әкімі болған Қуанышбек Ысқақов президент жарлығымен қызметінен босатылған.

27 наурызда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Марат Делмұханов пен екі кәсіпкердің ұсталғаны жайлы КазТАГ жазған еді.

Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы 1965 жылы туған.

Білімі:

1987 ж. – Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, мамандығы экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

1987-1994 жж. – Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға инспектор, бөлім бастығы.

1994-1995 жж. – ҚР Жоғары кеңесі халықты әлеуметтік қорғау комитетінің консультанты. 

1995-1996 жж. – ҚР халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары.

1997-2003 жж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік саясат департаменті директорының орынбасары, директоры.

2003-2005 жж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 

2005-2006 жж. – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.    

2006-2007 жж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 

2007-2008 жж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.   

2008-2009 жж. – ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы. 

2009-2012 жж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы.   

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2014-2019 жж. – Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 

2019 жылдың 20 тамызынан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің экс-орынбасары

Мемлекеттік наградалары:

«Парасат» ордені, «Астана», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдары.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.