14-11-18 | 20:55
«Халықтың сүйіктісі-2018»: Самал Есләмова үздіктер қатарында.
«Халықтың сүйіктісі-2018»: Самал Есләмова үздіктер қатарында

«Халықтың сүйіктісі-2018» ұлттық сыйлығының төрешілері аталмыш сыйлықтың түпкілікті үміткерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше халықтың сүйіктісі-2018» ұлттық сыйлығы төрешілерінің сыйлықтың ресми үміткерлерінің тізімін бекіту және екінші финалдық кезеңін бастау бойынша отырысы болып өтті. Ұйымдастырушылардың атынан сыйлық үміткерлерін құттықтаймыз», – деп жазды ұйымдастырушылардың бірі, блогер Ғалым Байтұқ.

«Халықтың сүйіктісі-2018» Ұлттық сыйлығы үміткерлерінің тізімі төмендегідей:

№1 номинация «Жылдың үздік дәрігері»:

Тоқан Сұлтанәлиев Тоқан, Астана қаласының Ұлттық онкология және транспланталогия ғылыми орталығының бас хирургы

Юрий Пя, кардиохирург дәрігер, Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас кардиохирургі

Зәуре Хажекбер, невропатолог дәрігер,

Алматы қаласы Иван Бойко, әскери дәрігер, Қарағанды облысы.

№2 номинация «Жылдың үздік мұғалімі»:

Өмір Шыныбекұлы, Шымкент қаласының №41 мектеп-лицейінің тарих мұғалімі

Самал Нұгыманова, Астана қаласының №58 орта мектебінің директоры

Ербол Іргебай, «Оқушылар сарайы» директоры

Саяхат Нүкешев, Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет техникалық факультетінің деканы.

№3 номинация «Жылдың үздік спортшысы»:

Данияр Елеусінов, кәсіпқой бокс, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы;

Александр Колядин, Пхенчхандағы қысқы паралимпиада чемпионы;

Елдос Сметов, дзюдо шебері, Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2015 жылғы Әлем чемпионы

Алексей Луценко, кәсіби велошабандоз, 2012 жылғы топтық сайыстың жеңімпазы.

№4 номинация «Жылдың үздік спортшы қызы»:

Зульфия Габидуллина, 2016 жылғы паралимпиаданың алтын медаль иегері, 2018 жылғы паралимпиадашылардың арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы;

Ольга Рыпакова, жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлде иегері (2008), Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола медаль иегері (2016);

Гүлмира Смайлова, Малагадағы трасплант-ойындарының жеңімпазы;

Әйгерім Әбілқадырова, спортшы, дзюдодан әлем чемпионы, модель.

№5 номинация «Жылдың үздік парламентарийі»:

Ирина Смирнова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;

Азат Перуашев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;

Бақытжан Жұмагұлов, ҚР Парламент Сенатының депутаты.

№6 номинация  «Жылдың үздік тележүргізушісі»:

Айда Хамзина, «Хабар» арнасы;

Константин Харламов, «Атамекен бизнес» арнасы;

Бейсен Құранбек, «Қазақстан» телеарнасы;

Ләйлә Сұлтанқызы, Жетінші арна.

№7 номинация «Жылдың үздік публицисті»:

Ислам Кураев, time.kz;

Расул Жұмалы, 365info.kz, kapital.kz;

Зира Наурызбаева, inform.kz, matritca.kz;

Гүлнар Бажкенова, esquire.kz.

№8 номинация «Жылдың мәдени қайраткер»:

Самал Еслямова, 71-ші Кан кинофестивалнің үздік әйел рөлі жүлдесінің иегері;

Бақытжан Әшірбаев, белгілі сәулетші, ақын, кинематографист, Шымкент қаласы;

Санжар Мәдиев, актёр, Әміре фильмінің басты рөл иегері;

Мадина Беспаева, актриса, балерина.

№9 номинация «Жылдың үздік ақпараттық интернет басылымы»:

Азаттық Радиосы;

Kaliyev chanel (Талғата Қалиевтің телеграм арнасы);

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі;

informburo.кз

№10 номинациясы «Жылдың блог саласының көшбасшысы»:

Жохар Өтебеков, Yvision, Facebook;

Қазыбек Фрейдман, Twitter, Facebook;

Төлеутай Рахымбеков, Facebook;

Дина Елгезек Дина.

№11 номинация «Жылдың үздік фермері»:

Болатбек Әлиев, «Dala Frukt» компаниясының негізін қалаушы, Түркістан облысы;

Бейбіт Ерубаев, «KazBeef» ЖШС директоры, Ақмола облысы;

Алмат Тұрсынов, «ТПК Қарасу» ЖШС бас директоры, Қостанай облысы;

Александр Касицин, «Галицкое» ЖШС директоры.

№12 номинация «Жылдың үздік кәсіпкері»:

Қайрат Маишев, «Жас Қанат 2006» ЖШС бас директоры, Қостанай облысы,

Айнұр Сабыржанова, жеке кәсіпкер, меценат;

Дмитрий Шарапаев, «Радуга» ЖШС бас директоры, СҚО;

Баккулов Марат, «Алматинский вентиляторный завод» АҚ бас директоры.

№13 номинация «Жылдың FASHION қайраткері»:

Жанат Бақыт, ұлттық киім дүкендер желісі;

Динара Сәтжан, дизайнер, продюсер, тележүргізуші;

Малика Дүйсенбаева, дизайнер, модельер;

Құралай Нұрқаділова, дизайнер,

№14 номинация «Жылдың үздік қоғам қайраткері»:

Эля Әлиева, ерікті;

Ерлан Саиров Ерлан, қоғам қайраткері;

Сәуле Кайсар, «Business Lady Qazaqstan» республикалық байқауының ұйымдастырушысы,

Арай Ордабаева, қоғам қайраткері.

№15 номинация  «Жылдың үздік вайнерлері»:

Мейіржан Төребаев (патруль, тіркеуші);

SekaVines (Серғазы Тоқтарбек);

Женский базар;

Сабира Жарасқызы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.