24-11-20 | 15:58
Халық үніне құлақ аспайтын Сағынтаевты Тоқаев «оятты».
Халық үніне құлақ аспайтын Сағынтаевты Тоқаев «оятты»

Бірнеше күннен бері үнсіз жатқан Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа ағаш отау оқиғасына президент Тоқаев араласқаннан кейін тіл бітті.

«23 қарашаға қараған түні «Sulpak» СҮ жанында заңсыз 13 ағаш кесілді. Бұл өрескел оқиға Президент пен қоғамның наразылығын тудырды. Қала әкімдігі ағаш кесуге рұқсат берген жоқ. Қоршаған ортаға келтірілген зақымның мөлшері есептеледі.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы заңсыз ағаш кескені үшін ҚР ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады. Іс Алмалы ауданына қарасты ПБ-ның қарауына берілді. Алматы ПД бастығы Қ.Таймерденовке істі толығымен қарап, оның объективтілігін қамтамасыз етіп, кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Қазіргі уақытта сауда үйінің жанындағы аумақты «Arena S» ЖШС-ға қарасты (Sulpak) ЖК «Сакура» мен «Бурибекова» мердігерлерінің абаттандырғаны анықталды. «Сакура» ЖК-ның басшысы ҚР ӘҚБтК 437 бабы бойынша түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Істің барысы туралы жұртшылықты хабардар етіп отырамыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда» деді әкім.

Ал Sulpak дүкені әкімшілігі мұның алдында: «Кешегі күннен бастап бізге Төле би көшесі, 187 Әуезов көш. қиылысы мекенжайы бойындағы ағаштарды кесу туралы көптеген өтініштер келіп түсуде.

Ағаштарды кесу орын алған аумақ Sulpak компаниясының меншігінде емес және біз сіз сияқты осы тұлғалардың әрекеттерін заңға қайшы деп санаймыз.

Біз бірден құқық қорғау органдарына жүгіндік, олардан бізге осы жағдай бойынша өтініш берілгені және іс жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Нәтижелер жақын арада ұсынылатын болады деп сендірді. Біз жедел тергеуге үміттенеміз, тиісті органдарға жан-жақты қолдау көрсетуге және ынтымақтастыққа дайынбыз.

Бізге қарсы асығыс қорытындылар мен негізсіз айыптауларды тудырмауларыңызды өтінеміз» деген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.