Хаменованы 3 тамызда қызметінен босатқан.
Хаменованы 3 тамызда қызметінен босатқан

Бақытгүл Хаменова бір апта бұрын Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылған. Бұл ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

Әкімдіктің хабарлауынша, Атырау облысының әкімі Бақытгүл Хаменованы атқаратын лауазымынан босату туралы өкімге 2022 жылғы 3 тамызда қол қойылған.

«Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 59-бабының 9-тармақшасына сәйкес мемлекеттік саяси қызметшіні ол атқаратын лауазымға тағайындау (сайлау) құқығы берілген лауазымды адамның (орган) тиісті шешімі бойынша ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №267-ө өкімімен атқаратын лауазымынан босатылды», – деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk