Дәрігерлер ісі: “Күйеуім алты күн тозақты бастан кешті”.
Дәрігерлер ісі: “Күйеуім алты күн тозақты бастан кешті”

Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет еткен Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасынан соң тұтқындалып, президент Қ.Тоқаевтың араласуынан кейін босатылған екі дәрігердің бірі –  Қанат Тезекбаевтың тергеу изоляторында өткізген алты күнін жұбайы Дина Тезекбаева тозаққа балайды. Алматыда өткен баспасөз отырысында сөз сөйлеген дәрігердің жұбайы тергеу изоляторында Қанат Тезекбаевтың шашын тақырлап алып тастағанын айтады.

“Ол 58 жаста. Қазақстанның еңбек сіңірген дәргері. Әлі оның кінәсі дәлелденген жоқ. Ең қорқыныштысы оның шаштарын тап-тақыр қылып қырып тастаған, сенесіздер ме? Бұл сұмдық! Күйеуім күйзеліске түсіп кеткен. Алты күн тозақты бастан кешті!” – деді Дина Тезекбаева.

Дина Тезекбаева жұбайының № 18 тергеу изоляторында жатқанын, бұған дейін екі күн Экономикалық тергеу Депортаментінде болғанын айтады.

 

Тамыз айының басында Нұрсұлтан Күдебаев квадроциклмен келе жатып, жол апатына түсіп, жарақат алған. Алдымен оны Алматы қаласы №7 қалалық-клиникалық ауруханасына жеткізген, сосын науқастың туыстары өз қалауларымен № 4 ауруханаға апарып артынан Германияның ауруханасына алып кеткен, науқас сол жақта көз жұмған.

Аталған іс бойынша хирург Қанат Тезекбаевпен бірге анестезиолог Асқар Тұңғышбаев та күдікке ілініп отыр. Екеуі де ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Тоқаев араласқан соң қамауға алынған бас дәрігер Тезекбаев босатылды

Дәрігерлер ісі: Тұңғышбаевты әріптестері көздеріне жас алып қарсы алды (видео)

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.