Иманғали Тасмағамбетов директорлар кеңесіне кандидат болды.
Иманғали Тасмағамбетов директорлар кеңесіне кандидат болды

Қазақстанның танымал азаматы Иманғали Тасмағамбетов алпауыт компанияның директорлар кеңесіне кандидат болды. «КамАЗ» өндірістік-техникалық комбинатының ресми сайты директорлар кеңесіндегі сырттай дауыс беру қорытындысын хабарлады. Компания акционерлерінің жылдық жиналысы өтетін күн де белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты kamaz.ru-ға сілтеме жасап.

«КамАЗ» ӨТК акционерлерінің жылдық жиналысында күн тәртібіндегі мәселелерді және компанияның директорлар кеңесі мен ревизиялық комиссиясын сайлауға кандидаттарды енгізу туралы ұсыныстар қабылданды.

Алпауыт компанияның директорлар кеңесі сайлауға алғаш рет екі үміткерді ұсынып отыр.

Олар: «КамАЗ» ӨТК кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузыркова және Иманғали Тасмағамбетов.

Кирилл Пузырков – 2020 жылдың 6 қазанында кенеттен қайтыс болған «КамАЗ» ӨТК директорлар кеңесінің мүшесі Александр Васильевтің мұрагері.

Иманғали Тасмағамбетов – 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.

«КамАЗ» ӨТК акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2021 жылдың 4 маусымына жоспарланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.