03-10-18 | 15:00
Ирак парламенті елдің жаңа президентін сайлады.
Иракт парламенті (Өкілдер кеңесі – ред.) Күрдістан патриоттық одағы партиясының өкілі Бархам Салихті ел президенті етіп сайлады. Парламентте өткен дауыс беруде оның кандидатурасын 301 депутаттың 165-і қолдады. Бархам Салихтің басты қарсыласы – Күрдістан демократиялық партиясының кандидаты Фуад Хусейнге 70 депутат дауыс берді.   

Бархам Салих президент болып сайланған соң шииттердің ардагер саясаткері Адел Абдул-Махдиді жаңа премьер-министр қылып бекітіп, оған жаңа үкімет жасақтауды тапсырды. Абдул-Махди енді 30 күн ішінде жаңа үкімет құрамын парламентке ұсынуы тиіс.

Иракта президент негізінен формальді қызмет атқарады және өкілеті шектеулі. АҚШ бастаған халықаралық коалиция Иракқа басып кірген 2003 жылдары жасалған бейресми келісім бойынша, Иракта президент күрдтерден, премьер-министр шииттерден, ал парламент төрағасы сүнниттерден сайланады.

Премьерлікке ұсынылған Адел Абдул-Махди бұған дейін вице-президент, мұнай министрі және қаржы министрі қызметтерін атқарған. Ол мамыр айында өткен парламент сайлауында ең көп қолдауға ие болғанын мәлімдеген шииттердің екі саяси блогымен де байланысы жоқ саясаткер саналады. Ол сайлауда шииттердің екі блогы да парламентте көпшілік орынға ие бола алмаған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.