12-11-18 | 14:06
Ішкі істер министрі Денис Тенге берілген медаль жайлы айтты.
Ішкі істер министрі Денис Тенге берілген медаль жайлы айтты

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Тенге қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін берілген медаль жайлы журналистерге түсіндірді деп хабарлайды arasha.kz.

“Бұл мен сыйлай алатын ең жоғары марапат. Біз мұндай медальді өз міндеттерін атқарып, ерлік көрсеткен қызметкерлерімізге береміз. Бұл жағдайда, біздің ойымызша, Денис Тен қылмыстың жасалуына кедергі келтірді, ерлік көрсетті. Сондықтан менің бұйрығымен оған медаль берілді”, -деді Қ. Қасымов журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде.

Еске салсақ, қазақстандық әйгілі спортшы Денис Тен үстіміздегі жылы, 19 шілдеде кісі қолынан қаза тапқан болатын. Ішкі Істер Дерпортаментінің хабарлауынша  Денис Теннің көлігінің айнасын ұрылар алып жатқанда спортшы қылмыстың үстінен түсіп, қарсылық білдірген. Сол кезде қылмыскерлер оның аяғынан пышақпен жарақаттаған.

Өткен аптада, 7 қараша күні Денис Тен тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, спортшының атында қор құрылғандығы ресми мәлімденген болатын.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.