24-02-20 | 15:40
Италияда коронавирусқа шалдыққандар саны 157-ге жетіп, 10 қала жабылды.
Италияда коронавирусқа шалдыққандар саны 157-ге жетіп, 10 қала жабылды

Италияда коронавирусқа шалдыққандар саны 157-ге жетіп, 3 адам қаза тапты. Елдегі Ломбардия аймағында 10 қала жабылды және ірі қалалардағы мектептер жабылды. Жабылған он қалада 50 000-нан астам адам тұрады екен. Қазір олар қалаға кіріп шығу үшін арнайы рұқсат алады.

Венеция карнавалы мен басқа да елдегі ірі мәдени және спорттық шаралар өтпейтін болды. Ал әлемге әйгілі Миландағы “Ла Скала”  опера театры уақытша есігін жауып қойды.

Италия билігі коронавирус адам көп қоныстанған Милан маңындағы елдімекендерде тарап жақанына алаңдауда екен.

Аталған вирусқа әлемде 78 000 адам шалдығып, 2400 адам қаза тапты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk