Экс-министр Елжан Біртанов ақталды.
Экс-министр Елжан Біртанов ақталды

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановті ақтау туралы үкім шығарды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты Елжан Біртановты кінәсіз деп таныды, деп жазды Azattyq Ruhy.

«Сот Біртановты санитарлық авиация ұшағын пайдаланды деген айып бойныша толықтай ақтайды. Өзге айыптаулар бойынша Біртанов 5 жылға, оның орынбасары Әбішев 4 жылға шартты түрде соттады», – деді судья.

Айта кетейік, 11 қазан күні Астана қаласының прокуратурасы Елжан Біртановты 6 жылға соттап, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұраған болатын. Сонымен қатар, Біртанов пен оның орынбасарынан мемлекет пайдасына 1,5 млрд теңге, санитарлық авиация бортын пайдаланғаны үшін Біртановтың өзінен жеке 5,5 млн теңге өндіріп алуды талап еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішев коронавирус пандемиясы кезінде ақпараттық платформа жасау үшін бөлінген мемлекет қаражатын талан-таражға салды деген айыппен былтыр 3 қарашада қамауға алынған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.