Эстония Ресейдің екі облысындағы жерге заңды қақы барын мәлімдеді.
Эстония Ресейдің екі облысындағы жерге заңды қақы барын мәлімдеді

Эстония парламентінің спикері Рийгикогу Хенн Пыллуаас жаңа жыл қарсаңындағы құттықтау сөзінде Эстонияның Ресейдің екі облысындағы жерге заңды қақы бар екенін мәлімдеді.

«2 ақпанда біз Тартуский бейбіт келісімінің жүз жылдығын атап өттік. Ол келісім бойынша Ресей Эстонияның тәуелсіздігі мен тұтастығын мойындаған. Сол кезде келісілген Эстония мен Ресей шекаралары халықаралық құқық бойынша қазір де күшінде» деген Эстония парламентінің спикері.

1920 жылы 2 ақпанда Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы мен Эстония арасында Тартуский бейбіт келісімі жасалған. Ол келісім бойынша Ленинград облысындағы Ивангород және Псков облысындағы Печорский ауданының жартысы Эстонияға тиесілі жерлер. Ол жерлер 1940 жылы Эстония СССР-дің құрамына кірген кезде Ресейге өтіп кеткен.

2005 жылы Эстония мен Ресей шекараларын анықтап, шекарааралық келісімге қол қойған. Бірақ Эстония парламенті Тартуский бейбіт келісімі ратификациялауды алға тартқанда Ресей одан бас тартқан. Келіссөздерден соң 2014 жылы  тағы бір келісім жасалған. Бұл келісімді екі парламенті әлі ратификациялаған жоқ.

2020 жылы Қазақстанның мемлекеттік Тәуелсіздігі қарсаңында Ресей мемлекеттік думасының депутаты Никонов Қазақстанның территориялық тұтастығына қауіп төндіретін сөз айтқан еді. Бұл қазақ қоғамы тарапынан қарсылыққа тап болып, сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қазақстандағы уақытша өкіліне ресми нота табыстаған. Ресми биліктің нотасынан кейін дума депутаттары: Федоров пен Жириновский Никоновты жақтап, арандатушы сөздер айтты.

Орыс депутаттарының территорияға қатысты арандатушы сөздері әлі талқыланып жатыр. Мәселен, Мұхтар Тайжан: «Анау Федоровтың НОДы – нағыз эксремистік ұйым. Қазақстан билігі оған ресми түрде тыйым салу керек. Ал Федоровтың үстіне қылмыстық іс ашуы қажет. Нақты әрекеттер сол болады.

Қазақстандық армия дайындалу керек, солтүстік шекарамызды күшейтуі жөн. Бейжай отыруға болмайды» деп жазды.
Әлеуметтік желі қолданушылар арасында осы тақілеттес пікірлер көп айтылып жатыр.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.