20-08-20 | 19:07
“Әкімдер праймеризге жақын адамдарын өткізе ме деген күдігім бар”.
“Әкімдер праймеризге жақын адамдарын өткізе ме деген күдігім бар”

Атыраулық кәсіпкер праймериздің әділ өтетініне сенген соң қатысуға бел буғанын айтты

Кәсіпкер Эльмар Хусаинов (суретте) жұмыс барысында америкалық азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатқанын және АҚШ-тың партиялары өткізетін праймериздердің қандай бәсекелестік жағдайында өтетінін жақсы білемін дейді. Оның көңіліне әділдік үмітін ұялатып отырған тағы бір фактор – танымал адамдардың есімі.

«Мен «Nur Otan» жақтастары лигасынан Ерлан Саировты, Айдос Сарымды, Ғалым Байтоқты танимын, сондықтан, олардың елді дамыту жөніндегі көзқарастарына ортақтаса отырып, мен партияға өтіп, праймерзге қатысуға бел байлап отырмын. Өзімнің туған қалам Атырауда қатысамын. Мен америкалықтармен көп жұмыс істеймін, тәжірибем мол, олар осындай праймеризге қатысып, дауласатынын, бәсекелесетінін жақсы білемін. Мен партия бекіткен праймериз талаптарымен танысып, ол Қазақстанның қазіргі жағдайына сай келетінін көрдім», – дейді кәсіпкер.

Сарапшы праймериздің таза өтіп, жергілікті мәслихаттарға жаңа есімдер келуі үшін сайлау кезінде әкімдер тарапынан болатын мүддені бақылау керек дейді.

«Басты мәселе сол, жергілікті әкімдер праймериздің адал өтуіне кедергі жасап, өздеріне жақын адамды өткізе ме деген күдігім бар. Бірақ, егер жоспарға сай, бекіткен ережелерге сай, осы праймриз адал өтсе, мәслихат пен Мәжіліске шынымен халық сайлаған адамдар барады деген үміттемін», – дейді ол.

Іс-шараға барлық өңірлерден 50-ден астам тәуелсіз бірлестіктердің өкілдері қатысты, олардың арасында Ерлан Саиров, Бағдат Қожахметов, Әлия Садырбаева, Марат Шибутов, Марал Ерғазина, Ильмар Хусаинов бар.

Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды және ол 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді. 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk