22-02-21 | 16:24
Карантин кезінде Қазақстан бала туудан рекордтық көрсеткішке жетті.
Карантин кезінде Қазақстан бала туудан рекордтық көрсеткішке жетті

Елімімізде карантин кезінде  туу көрсеткіші артып, отыз жыл бұрынғы рекорд жаңартылды.

Ұлттық статистика бюросы 2020 жылдың оң мәліметтерін таратты.  Дерекке сүйенсек, 2020 жылы Қазақстанда 425,6 мың бала дүниеге келді. Мамандар 1987 жылғы бала туу көрсеткіші 417,1 мыңға жетіп, рекордтық көрсеткіш болғанын хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қалалық жерлерде туылғандар саны 248,7 мыңға жетсе, ауылдық жерлерде 176,9 мың нәресте туылған. ⠀

Туу көрсеткіші еліміздің алты аймағында артқан: Түркістанда (14,4%), Алматы облыстарында (12,7%), Алматыда (8,3%), Шымкентте (7,4%), Нұр-Сұлтан (7%) және Жамбыл облысы (6,9%). ⠀

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.