17-03-20 | 22:11
Карантинде Алматы мен Астана қалаларына кіріп-шығуды шектеу кімдерге қолданылмайды?.
Карантинде Алматы мен Астана қалаларына кіріп-шығуды шектеу кімдерге қолданылмайды?

Коронавирустан таралуына қарсы күресу және халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында президент жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 19 наурызда сағат 00:00 ден бастап карантин режимін енгізді. Карантин режимінің бірі –  адамдардың қозғалысын, сондай-ақ көлік құралдарының кіріп/шығуын шектеу. Шектеудің дәл осы тұсын үкімет арнайы түсіндіріп, ресми хабарлама жасады. Яғни, Алматы мен Нұр-Cұлтан қаласына енгізілетін карантин режимі кезінде адамдардың кіруін/шығуын шектеу қандай азаматтар үшін қолданылмайтыны нақты айтылды. Сонымен карантин режимі төмендегі санаттағы тұлғалар үшін қолданылмайды:

  • бұған дейін қаладан шығып кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары қалаға оралған жағдайда;
  • бұған дейін қалаға кірген басқа өңірлердің тұрғындары қаладан шығатын болса;  
  • бұған дейін шетелдерге шығып кеткен ҚР азаматтары (олар Қазақстан Республикасына оралған жағдайда);
  • бұған дейін елден шығу үшін ҚР аумағына кірген және елден шығып кету мақсатында әуе көлігімен шығатын шетелдіктерге; 
  • шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар), Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға;
  • бұған дейін шетел мемлекетінің аумағына шығып кеткен ҚР азаматтары Қазақстан Республикасына оралған жағдайда;
  • емделу үшін шетелге шығатын ҚР азаматтарына, олардың денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттары болған жағдайда;
  • елдің және шетел мемлекеттерінің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстанға ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша бағыт алған шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелеріне;
  • пойыз және локоматив бригадаларының мүшелеріне, сондай-ақ теміржол тасымалы процесіне қатысатын тұлғаларға, әуе, теңіз көліктерінің экипажына, халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүк автокөлігі құралдарының жүргізушілеріне; 
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктерге (туыстық байланыс фактісі – ері (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары екені расталған жағдайда);
  • Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейтін, қала маңы аумақтарында тұратын тұрғындарға;
  • әуе және темір жол транзиті қатынасымен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына;
  • басқа да ерекше жағдайларда, мұндай жағдайлар COVID-19-бен күресу жөніндегі қалалық штабтарда дербес тәртіпте қаралады.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk