Kaspi.kz-ке кибершабуыл жасалды ма?.
Kaspi.kz-ке кибершабуыл жасалды ма?

28 қазан күні Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау туындады. Нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаржы көлемі қате көрсетілуде. Өкінішке қарай картамен төлем жасау, банкоматтардан ақша алу, толықтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қожетімсіз. Компания қазір қосымшадағы техникалық ақауларды ретке келтіруде. Клиенттердің ақшалары жеке шоттарында сақтаулы тұр. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екендігі туралы жалған ақпарат тарады. «Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз, клиенттердің қаражаты түгелдей өз қалпында және ақау ретке келтірілгеннен кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі», – дейді банктің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk