24-11-22 |
Казинода ұтылған мемқызметкерлердің арасында Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері болған.
Казинода ұтылған мемқызметкерлердің арасында Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері болған

Казиноға 507 млн теңге ұттырған мемлекеттік қызметкерлер арасында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкері болған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМА кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев айтты.

Қазан айында 300-ден астам мемлекеттік қызметкер казиноға 500 млн теңгеден астам ақша ұттырды. Департамент директоры аталған факті бойынша тиісті мемлекеттік органдар қызметітк тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Олардың арасында агенттік өкілдері де бар көрінеді, деп жазды Azattyq Ruhy.

«Шынымен де, аталған шолуда агенттіктің бірқатар қызметкері аталды. Бүкіл деректер бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Төрт қызметкер ол жерде қызмет бабымен жүрген. Заңда ондай мәселе көзделгенін білесіздер. Біз тиісті тергеу жүргіздік. Екі қызметкердің фактісі расталды. Олар қызметке толыққанды сай келмейтіні туралы ескерту түрінде қатаң әкімшілік жауапқа тартылды», – деді департамент директоры.

Оның айтуынша, агенттіктің осы істе аты аталған өзге қызметкерлері оқиға кезінде ведомствода жұмыс істемеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk