13-12-19 | 11:26
Кексель ісі: Тұрғымбаевтың Қожамжаровқа қауқары жетпеді….
Кексель ісі: Тұрғымбаевтың Қожамжаровқа қауқары жетпеді…

Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғыжетекшісі Олеся Кексельге үстінен қозғалған іс тоқтатылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтқан.

“Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі істе қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылды. Іс туралы барлық тергеу амалдары жүргізілді. Істің заңдылығын тексеру үшін іс прокуратураға жолданды” деген Е.Тұрғымбаев.

Кексельге қатысты істің тоқтатылғанын ішкі істер министрінен бұрын, 21 қарашада бұрынғы бас прокурор қазіргі сенатор Қайрат Қожамжаров айтқан еді. Алайда дәл сол күні ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қожамжаровтың сөзін жоққа шығарып, істің жалғасып жатқанын айтқан. Ал бүгін тоқтатылғанын мәлімдеді. Осылайша, биліктегі топтар арасындағы мылтықсыз майдан жалғасып жатыр.

15 қарашада Хамида Айткалиева бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкаруптың ісі қаралған кезекті процесте ішкі істер министрлігі прокурорлар Бауыржан Ғаббасов пен Олеся Кексельге қатысты қылмыстық кодекстің 146 бабыны4 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтқан. Адвокат прокурорлардың үстінен іс қозғалуына өз қорғауындағы кәсіпкер Нәбиевтің Ғаббасов пен Кексельдің заңсыз әрекеттеріне қарсы жазан арызы себеп болғанын айтқан.

ҚазТАГ-тың мәліметіне қарағанда, Олеся Кексель мамырда бас прокуратурадағы қызметін тоқтатқан. Мұны агенттік бас прокуратура call орталығы растаған. Оған дейін әлеуметтік желіде Кексельдің Қазақстан аумағынан шығып кеткені жайлы хабар тараған.  Желіде жайлыған ақпаратта Кексель Қожамжаровтың “адамы” болғаны да айтылған. Әлеуметтік желідегі тараған хабарда Кексель бұрынғы прьемер-министр Серік Ахметов пен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишимбаев істерінде тергеу тобын басқарғаны айтылған.

Кексель 2018 жылы Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің жетекшісі болып тағайындалған. Оған дейін ол жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары болған. Ал Қайрат Қожамжаров биыл наурызда сенатор болғанға дейін жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросын басқарып, кейін бас прокурор болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.