28-02-25 |
410 рет қаралған
12 блогер 1,4 млрд теңге табысын декларациялады.
12 блогер 1,4 млрд теңге табысын декларациялады

Қазақстанда 12 блогер қосымша 1,4 млрд теңге табысын декларациялады, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті. Салық төлеушілер қосымша есептілікті өз еркімен тапсырып, 73,6 млн теңге салық төлеген.

«Бүгінгі күнге дейін 854 блогерге 71,9 млрд теңге көлемінде «табысты төмен көрсету» бойынша камералдық бақылау хабарламасы жіберілді. Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні.
Сонымен қатар, 71,9 млрд теңге сомасындағы айырмашылықтар төленбеген салық көлемі емес екенін атап өту қажет. Бұл сома – блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстары», – делінген хабарламада.

Салық сомаларын есептеу және төлеу салық заңнамасында белгіленген тиісті мөлшерлемелер бойынша ұсынылған декларацияларға сәйкес жүргізіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.