arasha.kz

12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

2024 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге бала өлімімен аяқталған 15 өрт оқиғасы тіркелді. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігінде балалар үйде жалғыз болған. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Динара Зәкиева Ақмола облысында болған қайғылы жағдайды ескере отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды ересек адамның бақылауынсыз қалдыруға тыйым салу туралы ұсынысын айтты.

«Ақмола облысында жеке үйде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан және түтіннен екі бала қаза тапты. Жақындарының қайғысына ортақпын. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. 2024 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін бала өлімімен аяқталған 15 өрт оқиғасы тіркелді. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігінде балалар үйде жалғыз болған. Осы фактілерді талдай отырып, мен 12 жасқа дейінгі балаларды ересек адамның бақылауынсыз қалдыруға тыйым салу туралы заңнамалық шараларды қарастыру қажеттігін ұйғардым. Әрине, бұл ретте мұқтаж отбасыларды мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек бағдарламаларымен қамтамасыз ету де маңызды», – деп жазды ол.

Exit mobile version