16-12-19 |
1660 рет қаралған
16 желтоқсан қалай өтті? (фото/видео).
16 желтоқсан қалай өтті? (фото/видео)

фото: arasha.kz

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні ірі мемлекеттік іс-шаралар ұйымдастырылған жоқ.  Жұрт әлеуметтік желіде бірін-бірі құттықтап жатты. Тәуелсіздік күні Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғалары болған күнмен сәйкес келетіндіктен жыл сайын қоғамдық-саяси ұйымдар, қозғалыстар, азаматтық белсенділер жиналып, Алматыдағы Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткішке және Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, құран оқиды. Бұл дәстүр биыл да жалғасты.

16 желтоқсанда Алматыдағы Респулика алаңынан түсірілген суреттерді инстаграм парақшамыздан көре аласыздар.

Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне түске дейін қала әкімі Б.Сағынтаев және зиялы қауым өкілдері, әншілер, жастар жиналса, түсте қоғамдық-саяси қозғалыстар өкілдері жиналды.

«Оян, Қазақстан» қозғалысы мүшелері өздері жоспарлаған митинг өткізді. Кейінірек қозғалыс мүшесі Айзат Әбілсейітованы полиция ұстағаны хабарланған кейін оны босатқан.

«Оян, Қазақстан» қозғалысының митингісін фейсбуктегі парақшамыздағы видеодан көре аласыздар.

Алматы.16 желтоқсан. Республика алаңы

Опубликовано arasha.kz Воскресенье, 15 декабря 2019 г.

Қозғалыс митингісі аяқталған соң, Тәуелсіздік монументіне ондаған белсенді адамдар жиналып, оның соңы шеруге айналған.

Әкімшілік және прокуратура өкілі рұқсатсыз митинг өткізу заңсыз екенін ескерткен. Сөйтіп заңсыз митинг шеруге ұласқанда полиция адамдарды ұстаған. БАҚ та тараған ақпаратқа қарағанда Алматыда қырық шақты, ал Астанада алпысқа жуық адам ұсталған. Ішкі істер министрлігі әзірге тұтқындаулар жайлы ресми мәлімет таратқан жоқ. Бұған дейін бас прокуратура 16 желтоқсанда заңсыз митингіге шықпауға шақырған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.