ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үкімет басшысы биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндады.
Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.
Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жеткен.