13-03-25 |
380 рет қаралған
2024 жылы елімізде қанша бала өмірге келгені белгілі болды.
2024 жылы елімізде қанша бала өмірге келгені белгілі болды

2024 жылдың 12 айында Қазақстанда 365,9 мың бала (2023 ж. – 388,4 мың) дүниеге келді, оның 51,6% ұл, 48,4% – қыз бала. 219,1 мың сәби немесе жалпы туғандардың 59,9% – қалалық жерде, қалған 40,1%, яғни 146,7 мың бала ауылдық жерлерде дүниеге келген.

Статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы жалпы туылу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,15-ті құраған, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамға 19,52 болған. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейлері Түркістан (24,88 адам 1000 адамға), Маңғыстау (24,29) облыстарында және Шымкент қаласында (23,58) байқалған.

Туылған балалардың негізгі үлесін – 27,5% 25-29 жас аралығындағы әйелдер дүниеге әкелген, 30-34 жас аралығындағы әйелдердің туған балалар үлесі 26,2%. 20 жасқа дейінгі қыздар өткен жылы 11,9 мың баланы дүниеге әкелсе, 50 жастан асқан әйелдер 100 сәбиді босанған. Сонымен қатар, 2024 жылы аналардың орташа жасы 29,8 жас болды.

Туылған балалардың 23% отбасының тұңғышы атанды – 84,2 мың бала, отбасында төртінші боп туған сәби саны – 60 мыңнан астам, бұл барлық туылғандардың 16,4%. Аталған кезеңде 3 721 егіз, 46 үшем дүниеге келген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.