14-01-25 |
590 рет қаралған
2024 жылы ел тұрғындары онлайн-сатып алуға 3,2 трлн теңге жұмсаған.
2024 жылы ел тұрғындары онлайн-сатып алуға 3,2 трлн теңге жұмсаған

Ел тұрғындары онлайн-сатып алуға көбірек ақша жұмсай бастады. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша азаматтар 3,2 трлн теңге жұмсады. Мұндай деректерді электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралған Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев келтірді.

 Атап айтқанда, ведомство басшысы 2020 жылдан бастап еліміздегі электрондық сауда көлемі бес есеге ұлғайғанын хабарлады. Алайда, бұл әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. Десе де, жастар санының көптігін, финтехтің дамуын, интернеттің қолжетімділігін және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кең таралуын ескере келгенде, Қазақстанда интернет-сауданы дамытудың жоғары әлеуеті бар.

 2029 жылға қарай электрондық сауда көрсеткішін үш есеге ұлғайту және оны 9,3 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланы ілгерілету үшін Үкімет онлайн-коммерцияны дамыту жоспарын қабылдады. Ол электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді, еліміздің барлық өңірлерінде электрондық сауданы оқыту курстарын іске қосуды, кәсіпкерлер үшін электрондық саудада мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын енгізуді көздейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.