Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы елдегі қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің бағасы қалай өзгергені туралы мәліметті жариялады.
Бұл мекемелердің түрлі форматтарын қамтиды: мейрамханадағы түскі ас 8,7% қымбаттады, асханада түстену 12% қымбаттады, фаст-фуд орындарында тамақтану орта есеппен 12,9 % өсті.
Айта кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 383 асхана, 4479 кафе және 2303 мейрамхана тіркелген.