![2024 жылы Қытайдан келген туристер легі 655 мың адамды құрады](https://arasha.kz/wp-content/uploads/2025/02/754610740172701.jpeg)
Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп, деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев. Оның айтуынша, туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды.
«Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратылды. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді», – деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.
Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025