27-09-18 |
5480 рет қаралған
Халықтың 76% теледидар көреді, 51% интернет пайдаланады.
Халықтың 76%  теледидар көреді, 51% интернет пайдаланады

TNS Central Asia бас директоры Татьяна Старцева Astana Media Week форумында қазақстандықтардың ақпарат құралдарын пайдалану статистикасымен таныстырды. Татьяна Старцеваның айтуынша, халқымыздың шамамен 76% күнделікті теледидар көреді. Олар уақыттарының орта есеппен 3,5 сағатын көгілдір экран алдында өткізеді. Ал еліміздің жартысы ғаламтор пайдаланады екен.

«Тұрғындардың 76% күніне кем дегенде бір рет теледидар қосады. Интернет пайдаланушылар саны 51%, радио тыңдармандары 36% және баспасөз беттерін оқитындар 10% құрайды. Үш жылда көрсеткіш өзгеріп келе жатқанын көреміз. Әсіресе интернет пайдаланушыларға қатысты көрсеткіш біршама өзгерген. Соңғы үш жылды ғаламтор қолданушылар саны 14%-ға артқан. Теледидар көретіндер 5%-ға кеміген. Баспасөз беттерін оқитындар да 5%-ға азайған, ал радиода айырмашылық көп емес, бірақ аудитория тұрақты», – деді Т.Старцева.

Сондай-ақ Татьяна Старцева жаңа технологияның келуімен жастардың теледидар алдында отыруы да сирегенін айтты.

«Халқымыз теледидар көруге шамамен күніне 200 минут жұмсаса, интернет арқылы көретіндердің 150 минуты кетеді және тұрақты радио тыңдармандар орта есеппен 2-сағат жұмсайды. Дәстүрлі баспасөзге уақыт бөлетіндер саны құлдилап барады. Осылайша біз халқымыздың Бұқаралық Ақпарат Құралдарына жұмсайтын уақыттарының 50% телеарналарға кететінін көреміз. Екінші орында интернет 32%, радио 15%  және қағаз беттеріне шығатын баспасөз 3%. Үш жылда телеарналардың көрермендері 8% қысқарған, интернет пайдаланушылар 11% өсті және радиодағы баспасөздің тыңдармандары өзгеріссіз қалып отыр», – деді TNS Central Asia бас директоры.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Astana Media Week шарасы өтіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.