Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады.
Мәселен, жүйенің төртінші кезеңіне сәйкес, 2025 жылы 8 млн-ға жуық қазақстандық оның қатысушылары болады. Бұл жеке құрылымдардың қызметкерлеріне, зейнеткерлерге, үй шаруасындағы әйелдерге, студенттерге және азаматтардың басқа санаттарына қатысты.
Автоматтандырылған салықтық бақылау мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды активтер мен міндеттемелер туралы есептілікті ұсынудан босату ұсынылады. Бастама осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына әсер етеді.
«Бұл ретте декларациялауды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар, бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК астам сатып алулар жасаған, өз бетінше салық салынатын табыс тапқандар үшін сақтау ұсынылады. Бұдан басқа, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы беріледі», — деп атап өтті министр.
Жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етілетін болады. Тиісті заңнамалық түзетулер дайындалды.
Жалпы жүйеде 4,8 млн қазақстандық тіркелген. 2024 жылы декларация ұсынбаған немесе салық кезеңін ұсынбаған не қате көрсеткен азаматтар 281 мың хабарлама алды. Олардың бестен бір бөлігі орындалды.