Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық істі тергеп жатыр.
Kazakhstan Today агенттігінің мәліметіне қарағанда «Антикор» Мәдениет министрлігін Дәурен Абаев басқарған кездегі былық-шылықты әшкерелеуге кіріскен сыңайлы. Әсіресе 2022 жылы «Еуразия» халықаралық кинофестивалін өткізу қаншалықты заңды болғанын тексере бастаған.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр, – деп жауап берді «Антикордың» сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов.
Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігін 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін басқарған болатын.
2001-2003 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы;
2003 жылы – Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігінде үшінші хатшы;
2003-2007 жылы – Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы істеріне сенімді уәкіл, екінші хатшы;
2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы;
2007-2008 жылдары – сарапшы, ҚР президенті хаттамаларының консультанты;
2008-2009 жылдары – ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары;
2009-2011 жылдары – ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2011 жылы – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы;
2013 жылы ҚР президентінің кеңесшісі;
2016 жылы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалды.
2019 жылдың 25 ақпанында Елбасының Жарлығымен қайта құрылған Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
2020 жылдың 4 мамырында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды
2023 жылдың 2 наурызында ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды.
Еске салайық, 2022 жылдың 5 желтоқсанында қазақстандық режиссерлер «Еуразия» кинофестивалін өткізу «талаптарына» күмән келтірген болатын. Олар кинофестиваль бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізудің заңдылығына күдіктенген еді.
arasha.kz
ФОТО: Sputnik / Владислав Воднев