arasha.kz

Адасқан ұлдың оралуы

фото: facebook.com/aisultan.nazarbayev

фото: facebook.com/aisultan.nazarbayev

Елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың жиені, сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев ұзақ үзілістен соң, әлеуметтік желі – facebook-ке едел-жедел бірнеше жазба жазып, жұртты «таңқалдырды». Желідегі жұрт оның жазғандарының шын-өтірігін білмей дал болып «оның аккаунтын бұзған», «фейк» деген сынды неше түрлі болжам жасады. Әлеуметтік желіде желдей есіп желпініп отыратын жұрт солайша Айсұлтанның жазбаларына құмалақ шашып, бал ашып жатқанда holanews.kz сайты Айсұлтанға хабарласып, жазбаларды жариялаған өзі ме, жоқ па дегенді сұрапты. holanews.kz-тен алынған қысқа диалог мынадай:

Сәлеметсіз бе? Сіз бүгін Facebook желісіндегі парақшаңызға бірнеше жазба жарияладыңыз, бұны жазған өзіңіз бе?

Иә, мен өзім жарияладым.

Әрі қарай Айсұлтан Назарбаев өзінің Лондонда ауруханада екенін айтқан. Оның әрі қарайғы әңгімесінен нақты бір нәрсені дөп басып түсіну қиын.

Елбасының жиені, сенат төрағасының ұлы facebook-те әлі жазба жариялап жатыр. Төменде Айсұлтан Назарбаевтың желідегі жазбаларын беріп отырмыз.

 

 

 

Exit mobile version