arasha.kz

АЭС салу бойынша сауалнама жүргізген алматылықтар жауапқа тартылды

Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауаптылыққа тартылды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың ҚазақстаниРеспубликасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электрстанциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтаған.

Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады.

Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн түсiндiредi.

Exit mobile version