13-06-24 |
6150 рет қаралған
АЭС салу. Жамбыл облысында жария талқылау өтеді.
АЭС салу. Жамбыл облысында жария талқылау өтеді

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Жамбыл облысында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр.

Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады.

Жария талқылау өткізілетін орны: «Достық үйі» ғимараты, Тараз қаласы, Төле би даңғылы 23Б

Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 18 маусым, сағат 10-00.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.