arasha.kz

Айжан Тәшенова: «Мамай – рухани құндылықтан жұрдай өнегесіз тұлға»

Жанболат Мамай өз қарыздарын біреудің есебінен төлеуге тырыса отырып, адамдарды алдап, қарапайым рухани және моральдық құндылықтарының жоқтығын, саяси тайыздығы мен жауапсыздығын көрсетті, дейді заңгер Айжан Тәшенова. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

«Ж.Мамай әлеуметтік желілерде осы соманы төлеу үшін қаражат жинайтыны туралы жар салып, акцияны «Садақа» деп атады. Исламда бұл ерікті қайырымдылық болып есептеледі. Оны мұсылман адам еңбекпен тапқан қаражаты есебінен мұқтаж жандарға өз қалауы бойынша Жаратқанның разылығына бөлену ниетімен береді. Жалпы садақа сөзі кең мағынада қолданылады. Садақа – бұл материалдық қана емес, кез-келген қайырымдылық. Осылайша, Мамай Садақа ұғымын бұрмалап, діндарлардың сезімдерін қорлайды және осы діни амалдың мәнін өзгертеді. Бұл – садақа емес, қарапайым манипуляция. Бауыржан Байбектің есімін жамылып, кезекті пиар жасау әрекеті, тағы да саяси ұпай жинап қана қоймай, материалдық қаражат жинауға талпыныс жасалды», дейді заңгер.

Сондай-ақ ол Мамайдың өз қарыздарын біреудің есебінен төлеуге тырыса отырып, адамдарды алдап, қарапайым рухани және моральдық құндылықтарының жоқтығын, саяси тайыздығы мен жауапсыздығын көрсеткенін атап өтеді.

«Ж.Мамай өз қарыздарын біреудің есебінен төлеуге тырыса отырып, адамдарды алдап, қарапайым рухани және моральдық құндылықтарының жоқтығын, саяси тайыздығы мен жауапсыздығын көрсетеді. Бұның бәрі «Мамай – саяси өлік» деген менің тезисімді тағы да растай түседі. Ал бұл акция өзінің арсыздығы мен азғындығы бойынша ол үшін нағыз «саяси жаназа» болды», дейді Тәшенова.

Тәшенованың айтуынша, заң бойынша іс-әрекетке жауап беретін уақыт келгенде, Мамай жауапкершілікті басқа адамдарға артып отыр. Ал Мамайдың арнайы шот ашпай, өзінің жеке шотына ақша жинауы көп ақша табамын деп үміттенгені дейді.

«Ол арнайы шотты емес, өзінің жеке «Kaspi» картасын көрсете отырып, қаражат жинайтынын хабарлады. Бірден осылай ақша жинаудың ашықтығы мен заңдылығы туралы мәселе туындайды. Яғни, Мамай үшін басынан бастап өзінің қалтасы мен халық қаржысының арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Жағдайды пайдаланып, Бауыржан Байбектің есімін жамыла отырып, Мамай өзіне және өзінің пайдакүнемдік мақсаттарына ақша жинап, одан да көп ақша табамын деп үміттенеді», – деп жазды Айжан Тәшенова.

Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға қатысты өткен сот процесі, бұдан кейінгі жауапкерлердің әрекеттері туралы пікірлерімен бөліскен Айжан Тәшенова заңды шешімнің толық орындалуына қол жеткізетінін айтты.

Қазіргі таңда сот шешімін орындау үшін жеке сот орындаушысына сот шығындарын өндіріп алу бөлігінде орындау қағазы ұсынылғаны белгілі болды.

Exit mobile version