arasha.kz

Алғаш ретмемлекеттік басқару жазғы мектебі ашылды

 

Ахмет Ясауи университеті мен Астана мемлекеттік қызмет хабы бірлесіп Түркістан мемлекеттік басқару жазғы онлайн мектебінің тұсауын кесті.
Жобаның мақсаты академиялық қоғамдастық өкілдері мен мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласында білім мен тәжірибе алмасуға қолдау көрсету.

Жазғы мектеп бағдарламасы екі апта аралығында серпінді технологиялар, цифрландыру және электрондық үкімет, мемлекеттік қызметтегі ынталандыру мен меритократия, гендерлік теңдік, ақылды қала тұжырымдамасы, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру сияқты мемлекеттік басқару саласындағы өзекті мәселелер төңірегінде интерактивті дәрістерді қамтиды.

Мектепте білім алу үшін 150-ден астам адам тапсырыс берді. Олардың қатарында отандық 30 университеттің, сонымен бірге Ресей, Өзбекстан және Финляндия елдерінің бес жоғары оқу орнының оқытушылары, докторанттары мен магистранттары бар. Оған қоса еліміздің түрлі өңірлерінен мемлекеттік қызметшілер де оқуға ниет білдірген.

Мектептің салтанатты ашылуында университет ректоры Жанар Темірбекова, университеттің бірінші вице-президенті Женгиз Томар және Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов сөз сөйледі.

Алихан Байменов соңғы жылдары әр түрлі елдердің үкіметтері кәсіби әрі инновациялық, азаматтардың қажеттіліктері мен сұраныстарына сай келетін мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ұмтылуда деді. «Бұл істе тек қана тәжірибе ғана емес, ғылыми зерттеулер жүргізетін және мықты кадр әзірлейтін жоғары оқу орындарының болуы маңызды» деді Алихан Байменов.

Сонымен қатар Хаб жетекшісі елімізде «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша кадр дайындайтын елуге жуық жоғары оқу орны бар, алайда жетекші оқу орындары білім беру бағдарламаларымен танысқанда бұл салада мамандар даярлау сапасын арттыру бойынша әлі де айтарлықтай күш салу қажеттігін атап өтті.

Осы тұрғыда Алихан Байменов Хабтың практиктер мен жас ғалымдар, «мемлекеттік және жергілікті басқару» бойынша маман әзірлейтін жоғары оқу орындары факультеттері тәжірибе алмасатын тұрақты платформа құру бойынша қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.

Хаб дәріс оқуға Грузия, Әзірбайжан және Солтүстік Македония елдеріндемемлекеттік басқару саласында реформаларды жүзеге асыруғақатысқан тәжірибелі мамандарды шақырды. Сонымен қатар Түркістан облысының мемлекеттік органдарының басшылары, Ахмет Ясауи, Стамбул, Мармара және AlmaU университеттерінің профессорлары да дәріс оқиды.

Exit mobile version