12-07-24 |
6560 рет қаралған
Алимент төлемеген борышкер сотталып кетті.
Алимент төлемеген борышкер сотталып кетті

Жетісу облысында сот үкімімен борышкер «T» кәмелетке толмаған екі баласын асырау үшін алимент төлеу жөніндегі міндеттерін үш жыл бойы орындамағандықтан 1 жыл мерзімге бас бостандығыннан айырылды.

Прокуратураның мәліметінше, оның алимент бойынша берешектері 2,5 млн теңгеден асып, бұл кәмелетке толмаған балаларды асырауда материалдық қиындықтарға әкелді.

«Прокуратураның қадағалау актісі негізінде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізіліп, сотқа жолданды.  Тағы бір жағдайда, борышкер «M»-ға қатысты ісі сот талқылауы барысында 1 млн теңге көлеміндегі қарызын толық өтеуіне байланысты сотпен тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Облыстық прокуратура алимент төлемегені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.