2024 жылдың 27 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстың алдын алу және түнде алкогольді сатуды тоқтату мақсатында «Yandex», «Volt» және «InDrive» интернет-қосымшаларының басшыларымен меморандумға қол қойды.
Меморандум алкогольдік ішімдіктерді белгіленбеген уақытта жеткізуге және сатуға шектеулерді көздейді.
Бүгінгі күні қылмыстың алдын алу жөніндегі 2024 жылғы 19 қарашадағы Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша облыстық прокуратура полициямен бірлесіп рейд жүргізу нәтижесінде облыс орталығындағы 40 алкомаркеттің 15-і (38%) алкогольдік ішімдіктерді түнгі уақытта сатқандары үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 200-бабының 3-бөліміне сәйкес лицензияны 1 айға тоқтатумен (Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн: сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн; этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу –шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейдтерді жалғастыру және қосымша шараларды қабылдау қазірдің өзінде нәтиже берді: мас күйінде жасалған қылмыстар санының азаюы 22%-ды құрады, бұл аймақтағы құқық бұзушылық пен қылмыстың жалпы жағдайына оң әсерін тигізді.
-
15.01.2025
-
15.01.2025
-
15.01.2025
-
15.01.2025
-
15.01.2025
-
15.01.2025
-
15.01.2025
-
15.01.2025
-
15.01.2025