Алматы әкімдігі қала тұрғындарын кезекті заңсыз ТҮК-нен жылжымайтын мүлік сатып алудан сақ болуғңа шақырды.
«Интернет ресурстар мониторингінің нәтижесі бойынша Қала құрылысын бақылау басқармасы Royal Time тұрғын үй кешенінің жарнамасын анықтады. Тұрғын үй кешенінің сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетілгендей, премиум-класты жаңа ТҮК Наурызбай ауданындағы Кенесары хан көшесі 145 мекенжайында орналаспақ. Алайда бүгінде жер учаскесінде құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да жоқ», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, егер сіз жылжымайтын мүлікті заңсыз нысаннан сатып алсаңыз, құрылыс салушы тарапынан қаражатты ерікті түрде қайтарудан бас тартқан жағдайда, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне және құқық қорғау органдарына жүгініңіз.