19-07-24 |
7930 рет қаралған
Алматы автобустарында билет құны 120 теңге болатын болды.
Алматы автобустарында билет құны 120 теңге болатын болды

Алматы мәслихаты қаланың қоғамдық көлігінде жол жүруге қатысты 120 теңгеге жаңа тарифті мақұлдады. Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев өсім қосалқы бөлшектер мен шығын материалдары бағасының өсуімен байланысты екенін атады.

«Тасымалдаушылардың нақты шығысы 310 теңгеден асады, кейбір маршрутта 400 теңгеден асады, осыған байланысты әкімдік әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялайды. Қабылданған шаралар 2024 жылы субсидиялар сомасын 7 млрд теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, қала тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және жайлы қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз етуге оң әсер етеді», – деп сөзін қорытындылады басқарма басшысы.

Экологиялық таза көлікті көбейту үшін 2023 жылы 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алынды, биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алуды жоспарланып отыр. Бұл шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70%-ға дейін арттырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.